04
декабрь
2023
«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ СЛЕТІ ӨТТІ


«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ СЛЕТІ ӨТТІ
Шымкент қалалық білім басқармасы және Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірлескен іс-шара жоспары аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің слеті өтті. Жиынға қалалық білім беру ұйымдарының басшылары мен 200-ден аса мектеп оқушылары, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері және №60 жалпы орта білім беретін мектебінің "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелері Шименәлі Мади, Әскербек Гүлім, Шакрат Айзере оқушыларымызда қатысты.
Мақсаты: Рухани адамгершілік және адамзаттық патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.