26
сентябрь
2023
Қауіпсіздік ережелері сақтау
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-7 сынып оқушыларына жаңа оқу жылы қарсаңында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.К.Рысбаев оқушылардың таңғы уақытта сабақтан кешікпей келу, міндетті мектеп формасын сақтау, басқада маңызды дүниелерді түсіндіре отырып, мектеп ауласындағы бейне камералардың тұрақты жұмыс жасап тұрғандығын айтып, балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін жеткізді.
Аймақтық инспектор аға лейтенант Тұрдалы Бағдат жасөсіпірмдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын-алу жол жүру ережелерін сақтау, оқушылардың жаяу жүргіншілер жолағынан өтерде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері бойынша кең ауқымды оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

