26
сентябрь
2023
«ЖЕР-2023»
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесінің 06.09.2023 жылдың №21-03-06-05/834-21 хаты негізінде Шымкент қаласы аумағында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 11- қыркүйек күні сағат 10:00-де қала бойынша құлақтандыру жүйесі іске қосылғаннан кейін мектеп ұжымы мен 1-11 оқушылары қатысты. Жер сілкінісі кезінде дұрыс іс-әрекет жасау және қауіпсіз жерге шығару бойынша сейсмикалық жаттығулар өтіп 1-11 сыныптар арасында «Жер» сілкінісі салдарынан туындайтын төтенше жағдайларды алдын алу бойынша сынып сағаттары,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

