13
июнь
2023
Мектеп парламенті көшбасшыларының ІІ слеті
«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде білім беру мекемелерінің Мектеп парламенті көшбасшыларының ІІ слеті өтті. Слетке Мектеп парламентінің президенттері және фракция мүшелері қатысты.
Слеттің мақсаты: туған өлкеміздің тарихи жерлерін насихаттау, азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру. Жиын барысында мектеп парламенттері 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасап, тарихи жәдігерлерді тамашалады. Өзара дискуссиялық алаң құрып, ой бөлісіп, пікір алмасты. Жиын соңында барлық Мектеп парламенттері мен белсенді парламент көшбасшылары марапатталды.