19
апрель
2023
"ЖӘК РЕДАН" СУБМӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ
"ЖӘК РЕДАН" СУБМӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ
Білім баскармасы Шымкент қаласы прокуратурасының 2023 жылғы 9 наурыздағы No2-12-23-013 86 хатына сәйкес, бүкіларалық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жургізген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде "ЖӘК Рёдан"• субмәдениетінін белсенді насихатталғандығы анықталғанын
хабарлайды.
Осыған орай №60 жалпы орта білім беретін мектебінде «ЖӘК Редан» субмәдениетінің қолданушыларының айрықша белгілері жайлы ақпараттық іс-шара өткізілді. «ЖӘК Редан» қозғалысының ары қарай тарауына және жасөсіпірімдер арасында жағдайды тұрақтандыруға жол бермеу, алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Анықтама ретінде: «ЖӘК Редан» - аниме және магни жанкүйерлерінің арасында қалыптасқан субмәдениет. Кейбір мәліметтер бойынша ЖӘК мағынасы «Жеке әскери компания» дегенді білдіреді. «ЖӘК қолданушыларының айрықша белгілері шақпақ шалбар, қара түсті худи мен өрмекші және 4 саны суреттелген футболкалар болып табылады.
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг бойынша
Шымкент қаласының жасөспірімдері арасында да жоғары аталган қозғалысты қолдап, топтарга бірігу үшін шақырып жатқандар бар екендігі белгілі болды.
Осыған орай, «ЖӘК Редан" қозғалысынын ары қарай тарауына және жасөспірімдер арасында жағдайды тұрақтандыруға жол бермеу керек.
Осыған орай ата-аналар тарпынан оқушылардың ұялы телефондары қатаң бақылауда болуы тиіс.
Жас ерекшелігіне сай емес әлеуметтік желілер мен ойындар телефондарында бұғатталуы керек.