19
апрель
2023
«Дара тұлға –Бейбарыс» танымдық сағат

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасының жоспарына сай 9 «Б» сыныбымен тарихи тұлға Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жылдығына арналған «Дара тұлға –Бейбарыс» атты танымдық сағат өтілді. Ұлы дала топырағында туып Мысырды билеген , дүниені дүбірлеткен Сұлтан Бейбарыс бабамыздың бүгінгі ұрпақ біз үшін қашанда мақтаныш. Сондықтан да оның ерлік тарихын жаңғыртып отыру, кейінгілерге жеткізу әрі өз тарихын, отанын, ата-бабасын сыйлаған ұрпақтың қастерлі міндеті. Сол себепті де тарихтың сарғайған беттерін қайыра парақтап, шамамыз келгенше Бейбарыс бабамыз жайлы толғауды жөн санадық.