19
апрель
2023
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының басшылығымен 8 -11 сынып оқушылары арасында жалпы жиналыс өтті.
Жиналыста кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүру , өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында Рамазан айында оқушылардың мейрамханалар мен кафелерге, автокөліктерге, әуежай маңына барып жарамазан айтуға болмайтындығы ескертілді. Сонымен қатар "Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет" тақырыбында және "Жолда жүру ережесі" бойынша слайдтар, ақпараттық бейнероликтер жинағы көрсетіліп, бағдаршам ережесі таныстырылды. Жаяу жүргінші жолағы жоқ жерден жолды кесіп өтпеуі, абайсыздығынан кейбір өкінішті қайғылы жағдайлар орын алып жатқандығы балаларға түсіндірілді. Мектептің ер мұғалімдері арасында кесте жасалып рейд жүргізілуде.