
Жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы барысында биология пәнінің мұғалімі Мұса Айгул Есенқызының ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында "Биология ғажайыптары" тақырыбындағы сайыста "Дарындылар" тобы жеңіске жетті. Оқушылардың білімдерімен бірге шапшаңдықтары мен ойларының ұшқырлығы сыналған сайысқа оқушылар өте белсене қатысты.