08
сентябрь
2022
«Шоқтығы биік шығарма-Ұлпан» талдау сағаты
«BIR KITAP» жобасы
Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «BIR KITAP» жобасына қатысушы № 60 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы Ғ.Мүсіреповтың» Ұлпан» шығармасы бойынша «Шоқтығы биік шығарма-Ұлпан» атты сұрақ –жауап, талдау сағаты қорытындылады.
Жобаның мақсаты: ұстаздар арасында романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу, «Ұлпан» шығармасын қазақ прозасының ішіндегі ана бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы екенін таныту. Шығармашылыққа баулу, оқырмандардың қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін, оқырмандардың әдеби тілін дамыту. «Ұлпан» ананың бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптей отырып, үлгі ету.
Жобаға қатысқан «Оқырман клубының мүшелері» оқуға ұсынылған «Ұлпан» шығармасын талдай отырып, сұрақ – жауаптар тыңдалып белсенділік танытып, қызу талқыланды. Шығарманы қорытындылай келе сәуір айының жеңімпазы тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Бағысбаева атанды. Жобаға қатысқан ұстаздарға алғыс білдіреміз!