"Суды үнемдеу" тақырыбында сынып сағаты
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Үсіпбаева 2"А" сынып оқушыларына "Суды үнемдеу" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Оқушылар үнемдеу жолдарының әдістерімен бөлісу. Оқушылардың үнемдеу туралы түсініктерін кеңейту, Ой-өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу.