Материалы за 12.12.2024 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7223) 45-51-07
Бухгалтерия
+7(7223) 45-51-07
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 12.12.2024
"Тәуелсіз елім — Қазақстан!" сынып сағаты
12
декабрь
2024
"Тәуелсіз елім — Қазақстан!" сынып сағаты
"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай 2"Ә"  сынып жетекшісі М.Қараева  "Тәуелсіз елім — Қазақстан!" атты  сынып сағатын өткізді.  Мақсаты:  Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына кызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. 
"Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым" сынып сағаты
12
декабрь
2024
"Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым" сынып сағаты
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің 2"А" сынып жетекшісі Қ.Смайлова  "Біртұтас тəрбие" бағдарламасы  аясында  "Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында  сынып сағатын  өткізді.    Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуына 33 жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру. Оқушылардың жеріне деген сүйіспеншіліктерін таныта білуге үйрету.  Отанын сүюге, мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы бола білуге, ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
12
декабрь
2024
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
 ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай  2 "Б" сыныбында  "Тәуелсіздік тұғырым "  атты тәрбие сағаты өткізілді.  Мақсаты:  Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына кызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау.  Сынып жетекшісі:  А.Ариппаева 
"ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"
12
декабрь
2024
"ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"
 "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"    №60 жалпы орта білім беретін  мектебінде  "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Бірлік және ынтымақ" айында  16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" челленджі  ұйымдастырылды. Мектеп  білім алушылары жеткен жетістіктерін еліміздің Тәуелсіздігіне арнай отырып, челленджді еліміздің барлық мектептеріне жолдайды.
"АТАМЕКЕН" ӘНІН ОРЫНДАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ
12
декабрь
2024
"АТАМЕКЕН" ӘНІН ОРЫНДАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ
"АТАМЕКЕН" ӘНІН ОРЫНДАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы  орта  білім  беретін мектебінің білім алушылары "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Бірлік және ынтымақ" айының құндылығы негізінде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай  Ескендір Хасанғалиевтің сөзіне жазылған, әні Қадыр Мырза Әлінің "АТАМЕКЕН" әнін орындады. 
«Зорлық –зомбылықсыз  16 күн» іс-шарасы
12
декабрь
2024
«Зорлық –зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы
2024 жылдың 11 желтоқсан  күні  Шымкент қаласы  білім басқармасына қарасты  №60 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Зорлық –зомбылықсыз  16 күн» іс-шарасы аясында   Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры  Асем Умарбекқызы және  Абай аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ ЮПБ УПИ  полиция аға лейтенанты Бағдат Турдалы  Қалдыбекұлының қатысуымен    8-11 сынып оқушыларына  прокурор сағаты өтілді.  Кездесу барысында  кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың,
"МАҢЫЗДЫ МАМАНДЫҚТАР"  дөңгелек үстел
12
декабрь
2024
"МАҢЫЗДЫ МАМАНДЫҚТАР" дөңгелек үстел
Шымкент қаласы білім  басқармасына  қарасты  №60 жалпы орта білім беретін мектебінің  кәсіби бағдар беру педагогы Р.Туртбаева  "МАҢЫЗДЫ МАМАНДЫҚТАР" тақырыбында 8 сынып білім алушыларымен  дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Школьникам әр түрлі мамандықтардың қоғамдағы рөлін түсіндіру, оларды өз болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ынталандыру, әр мамандықтың мәні мен маңызын талқылау.
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
12
декабрь
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата-аналарды "Педагогикалық қолдау" орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес “Даналық мектебі” жобасы аясында ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетілді. Іс-шара тақырыбы: Баланың шығармашылық қабілетін дамыту. 6,9 сынып ата-аналарына көрсетілген Педагогикалық қолдау шарасы аясында ата-аналарға пайдалы кеңестер берілді.
"Кітаптар айналымы" акциясы
12
декабрь
2024
"Кітаптар айналымы" акциясы
"Біртұтас тәрбие" жобасы, "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында "Кітаптар айналымы" акциясында  №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 2"Б" сынып  жетекшісі А.Ариппаева оқушыларымен  кітапханада білім көкжиегін  кеңейтуге  үлкен үлес қосты.  Мақсаты: балаларды кітап оқуға баулу, ізгілікке тәрбиелеу. Бәріміз бірігіп кітап оқиық және айналамызға кітап оқу қуанышын сыйлайық.