Материалы за 15.10.2024 » Страница 3 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7223) 45-51-07
Бухгалтерия
+7(7223) 45-51-07
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 15.10.2024 » Страница 3
"Өнегелі ұрпақ" атты сенбілік
15
октябрь
2024
"Өнегелі ұрпақ" атты сенбілік
Еңбек—адам өмірінің  негізгі тірегі. Әрбір жетістік,  әрбір  табыс —еңбектің нәтижесі. Адам еңбектің арқасында  қоғамға,  елге,  өз отбасына  пайдалы тұлға болады.  “ЕҢБЕГІ АДАЛ—ЖАС ӨРЕН” жобасы аясында  мектебіміздің 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен "Өнегелі ұрпақ" атты сенбілік болып  өтті.  Мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
ДУБЛЕР КҮНІ
15
октябрь
2024
ДУБЛЕР КҮНІ
ДУБЛЕР КҮНІ   Мектебімізде  3-4 қазан күні  ұстаздар мерекесі  күніне орай  өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен  "ДУБЛЕР КҮНІ" өтетінін хабарлаймыз! "Ұстаздар  күні" мерекесіне орай оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын  жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу  және білім алушылардың  ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында  "Дублер күні" өткізіледі. 
«Назар аударыңыз, Бағдаршам!»  қауіпсіздік сабағы
15
октябрь
2024
«Назар аударыңыз, Бағдаршам!» қауіпсіздік сабағы
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі Д.Утешова «Назар аударыңыз, Бағдаршам!» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өтті.  Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Міндеттері: Бағдаршам туралы және бағдаршамның атқаратын міндеті туралы білім беру. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда тоқтау, сары түсі жанғанда дайындалу, жасыл түсі жанғанда жүру керектігін түсіндіру.
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ
15
октябрь
2024
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ    Бүгін мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өтілді. Жиналысқа  ұлдар ұйымының жетекшісі  Байбосын Мақсат Нышанәліұлы және өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Аманжолов Мақсат Махсудұлы  қатысып, оқушыларға мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы сөз етті. Сондай-ақ білім алушыларға мектеп формасын, жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, зорлық-зомбылық,
«Жол тәртібін жадыңда ұста»   жазба жұмыстары
15
октябрь
2024
«Жол тәртібін жадыңда ұста» жазба жұмыстары
Мектебімізде «Жол тәртібін жадыңда ұста»  тақырыбында 2-5 сынып оқушылары арасында  жазба жұмыстары (диктант) алынды.  Мақсаты: Жолда жүру  ережесін  есте сақтауға,  оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар,  оны білу не үшін  қажет,  бағдаршамның,  жол белгілерінің атқаратын қызметі  қандай екенін  үйрету. 
“Мен полиглотпын” атты  сайыс
15
октябрь
2024
“Мен полиглотпын” атты сайыс
Тілім менің -мақтанышым!“ тақырыбындағы айлық жоспары  аясында ағылшын тілі  пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында  “Мен полиглотпын” атты  сайыс  болып өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып дүниетанымдық көзқарастарын және тіл үйренуге қызығушылықтарын дамыту. 
Менің сыныбым буллингке қарсы!" атты челлендж
15
октябрь
2024
Менің сыныбым буллингке қарсы!" атты челлендж
Шымкент  қаласы білім  басқармасының 18.09.2024 жыл 10-07-07/5776 санды хаты негізінде   "ДосболLIKE" буллингке қарсы бағдарламасы аясында 19 қыркүйек күні мектебіміздің  6  сынып оқушылары "Менің сыныбым буллингке қарсы!" атты челлендж ұйымдастырды. 
"1001 мақал-1001 жұмбақ " сайысы
15
октябрь
2024
"1001 мақал-1001 жұмбақ " сайысы
"Тілім менің-мақтанышым! " тақырыбындағы айлық жоспары аясында  бастауыш сынып мұғалімдері А.Өмірзақова, Ж.Бурханова  3-4 сынып  білім  алушылары арасында  "1001 мақал-1001 жұмбақ " сайысын  ұйымдастырды. Мақсаты: Ата – бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу. Мақал-мәтелмен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу.
"Біздің мектеп буллингке қарсы!" флэшмоб
15
октябрь
2024
"Біздің мектеп буллингке қарсы!" флэшмоб
Шымкент  қаласы білім  басқармасының 18.09.2024 жыл 10-07-07/5776 санды хаты негізінде   "ДосболLIKE" буллингке қарсы бағдарламасы аясында 19 қыркүйек күні мектебімізде "Біздің мектеп буллингке қарсы!" ұранымен флэшмоб өтті.
“Отбасым - мақтанышым” республикалық акциясы сурет байқауы
15
октябрь
2024
“Отбасым - мақтанышым” республикалық акциясы сурет байқауы
“Отбасым - мақтанышым” республикалық акциясы аясында мектебіміздің қосымша білім беру педагогы Ж.Қасымбекова мен тәлімгер Б.Утегенова "Отбасым-мақтанышым " тақырыбында отбасылық фото  галерея ұйымдастырды.