Футбол спорт түрінен жарыс
Дене шынықтыру пәндер бірлестігі апталығы барысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерсултанов Ерболат 6-7 сыныптар арасында футбол спорт түрінен жарыс ұйымдастырды. Мақсаты: Мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту, оқушылардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту. Жарыс нәтижесінде 7"Б" сынып командасы І орын, 6"Б" сынып командасы ІІ орын, 6"А" сынып командасы ІІІ орынды иеленді.