Материалы за Декабрь 2023 года » Страница 2 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7223) 45-51-07
Бухгалтерия
+7(7223) 45-51-07
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2023 года » Страница 2
"Тәуелсіз елдің ұланымыз!" атты тәрбие сағаты
12
декабрь
2023
"Тәуелсіз елдің ұланымыз!" атты тәрбие сағаты
16 желтоқсан "Тәуелсіздік күніне" орай бастауыш  сынып мұғалімі Ж.Бурханова  2"Ә" сынып оқушыларымен  "Тәуелсіз елдің ұланымыз!" атты тәрбие сағатын өтті.  Мақсаты: Школьникам тәуелсіздіктің құнын түсіндіру. Егемендік жолында төгілген ата - бабамыздың жаны мен қанын ұғындыра отырып, елімізді сүюге, нағыз потриоты болуға тәрбиелеу. 
"Тәуелсіздік ұрпақтары! " атты тәрбие сағаты
12
декабрь
2023
"Тәуелсіздік ұрпақтары! " атты тәрбие сағаты
№60 жалпы орта  білім  беретін  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Омарова Жанар Айтжанқызы 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай     3"Б" сынып оқушыларымен "Тәуелсіздік ұрпақтары! " атты тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, еліне  деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу,  ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,   ел арасында сақталып келе жатқан  халық мұрасы бойынша оқушыларды имандылыққа,
"Тәуелсіздік-тірегім!" атты тәрбие сағаты
12
декабрь
2023
"Тәуелсіздік-тірегім!" атты тәрбие сағаты
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш  сынып  мұғалімі А.Өмірзақова  3"Ә" сынып оқушыларымен  "Тәуелсіздік-тірегім!" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындырумен қатар, патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерін дамытуға және ел бейбітшілігін сақтау жолында өз үлестерін қосуға шақырды.
«Тілек шыршасы» акциясы
08
декабрь
2023
«Тілек шыршасы» акциясы
Коммунальное государственное учреждение Қосымша білім беру оқу салалық орталығының 2023 жылғы 04 желтоқсандағы №23-107-01/808 хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде  халықаралық «Волонтёр болу оңай», «Тілек шыршасы» акциясы аясында,  халықаралық еріктілер күніне орай «Адал ұрпақ» ұйымы белсенділері  тілек шыршасын өз қолдарынан жасап,  бастауыш сынып оқушыларына ұсынды. Оқушылар өздерінің ойларында жүрген арман-тілектерін ақ параққа жазып,
"МЕН ВОЛОНТЕРМІН,  БІЗ БІРГЕМІЗ! " атты акциясы
08
декабрь
2023
"МЕН ВОЛОНТЕРМІН, БІЗ БІРГЕМІЗ! " атты акциясы
    Шымкент қалалық білім басқармасының 2023 жылғы  қарасты  №60 жалпы орта білім беретін  мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері, Адал ұрпақ мүшелері Халықаралық "Еріктілер күніне" орай, "МЕН ВОЛОНТЕРМІН,  БІЗ БІРГЕМІЗ! " атты акциясына  қатысып, мектеп ауласына ағаш отырғызуға қызығушылықпен белсене атсалысты.  Мақсаты:    Туған жердің тазалығын сақтау,  көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты  сүюге,  аялауға, қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу. 
"БиХиФи" атты сайысы
06
декабрь
2023
"БиХиФи" атты сайысы
Жаратылыстану пәндер бірлестігі апталығы аясында физика пәнінің мұғалімі М.Аманжоловтың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары арасында "БиХиФи" атты сайысы өтті.   Оқушылардың алған білімдерін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білуге,  ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашық айтуға үйрету мақсатында өткен  сайыс нәтижесінде  9 "а" сыныбынан құралған "Алғырлар" тобы жеңіске жетті. 
"МЕН ВОЛОНТЕРМІН,  БІЗ БІРГЕМІЗ! " атты акциясы
06
декабрь
2023
"МЕН ВОЛОНТЕРМІН, БІЗ БІРГЕМІЗ! " атты акциясы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты  №60 жалпы орта білім беретін  мектебінің Адал ұрпақ мүшелері, мектеп парламенті белсенділері Халықаралық "Еріктілер күніне" орай, "МЕН ВОЛОНТЕРМІН,  БІЗ БІРГЕМІЗ! " атты акциясына ерікті түрде  қатысып "Жиделі" мешітінің ауласын сыпырып, тазарту жұмыстарын жүргізді.  Еріктілер жұмысы – бұл басқа адамдардың игілігі үшін саналы, ерікті және ақысыз қызмет ету. 
АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП
04
декабрь
2023
АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП
АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП   №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қайырымдылық- адамгершілік белгісі " атты акция ұйымдастырылды.  Акцияға ерікті демеушілер қатысып, көмекті қажет ететін отбасынан шыққан оқушыларға  концелярлық заттар,  аяқ киім және киімдер берілді.  Жанашыр демеушілерімізге шын жүректен алғыс айтамыз. 
«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ІС-ҚИМЫЛ» АКЦИЯСЫ
04
декабрь
2023
«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ІС-ҚИМЫЛ» АКЦИЯСЫ
«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ІС-ҚИМЫЛ» АКЦИЯСЫ    2023 жылдың 04 қараша күні №60 жалпы орта білім беретін мектебінде  халықаралық "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік" акциясы аясында "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! "  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге ата-аналар,  мұғалімдер және оқушылар қатысты.    Тақырып бойынша бейнеролик көрсетіліп, психологиялық тренингтер жүргізілді. Іс-шара соңында қатысушылар   отбасындағы зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке жол бермеу,
"Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы" тақырыбында сынып сағаты
04
декабрь
2023
"Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы" тақырыбында сынып
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 3"Ә" сынып жетекшісі А.Өмірзақова "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік" акциясы аясында "Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы" тақырыбында сынып сағатын өткізді.  Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ.