"ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ"
"ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ" Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің Қосымша білім беру педагогы Ж.Қасымбекова, мектеп тәлімгері Б.Утегенова, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып, қарты бар үйлерге барып, мерекемен құттықтап қайтты. Қадірлі қазыналы қариялар мен ардақты ардагерлер! Сіздерді 1 қазан «Қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!