Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл
04
декабрь
2023

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл

     №60 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының  күзгі демалысын тиімді пайдалану  мақсатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы"  негізінде, 02.11.2023 күні 5«А» сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі  Г.Ахметова «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» атты Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлар туралы білім беру арқылы оқушылардың Қ.А.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру, ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру және адамгершілікке тәрбиелеу болды. Оқушылар слайдтар арқылы Ясауидің өмірі және еңбектерімен танысып, алған білімдерін блиц-турнир, сұрақ-жауап жұмысы арқылы пысықтады. Тарихи жазбаларға көз жүгірте отырып, оқушылар тарихтан да білімдерін нығайта түсті. Нәтижесінде оқушылар Ясауидің еңбектерін тереңірек оқып білуге талпыныс білдірісті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив