"Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің 1"Б" сыныбы Ж. Бурханованың, 2"Б" сыныбы Ж.Омарованың, 4"б" сыныбы А.Арипбаеваның, 5"Ә" сыныбы Г.Әшірбаеваның жетекшілігімен Республика күніне орай "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Білім алушыларды елін сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.