Тарихымыз - «N60 жалпы орта мектеп» КММ https://60.shymkent-mektebi.kz/ ru Тарихымыз - «N60 жалпы орта мектеп» КММ DataLife Engine БЕЙБІТ КҮННІҢ БАҚЫТТЫ ЖАСТАРЫ..... https://60.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/143-bejbt-knn-baytty-zhastary.html https://60.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/143-bejbt-knn-baytty-zhastary.html
БЕЙБІТ КҮННІҢ  БАҚЫТТЫ  ЖАСТАРЫ.....
Мен соғысты көргенім жоқ,
Көргім де жоқ,  көрмедім.
Соғыс  ойынын ойнайтынмын ,
(балалардың ермегі)
Қару алып, қан майданда 
Қас жауыма төнбедім,
Көрдім  бірақ ,жесірлердің, жетімдердің  еңіреуін.
Соғыс деген немене  өзі?
Тек қана апат,қырғын ба?
Арман- тілек , ақыл- ойды апаратын құрдымға?
Соғыс деген-  аққан соры, ақсүйектің , құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары  қыздың және ұлдың да.
Соғыс деген – сотқарлардың қолындағы найзасы,
Қолданады ,долданады таусылғанда  айласы,
Соғыс деген, соғыс деген- зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің  шығыны  да, біреулердің пайдасы.
Әлемге ортақ ауа бар , әлемге ортақ жарық бар,
Мұңаймасын, «кішілер», мұңайтпасын  «алыптар»
Ұлы ұлт  жоқ, кіші ұлт жоқ,
Адамдар бар, халық бар,
Соғыс емес, еңбекпенен  ұлылығын анықтар.     (М.Мақатаев)
Соғыс деген – суық сөз.... Бұл сөзді айтқанда  қираған қала,  қырылған адам, жылаған ана, жетім қалған бала, иесіз қалған елді мекендер көз алдыңа елестейді. Сұрапыл соғыстың аяқталып, халық қаһармандарының жеңіс туын  желбіреткеніне міне биыл 75 жыл  толып отыр. Өзім туған елді мекен- Шымкент қаласы  іргесіндегі елді мекен Жиделіден соғысқа аттанған 40-қа жуық адамнан елге аман оралғаны 6-уы ғана.
Керімбай Тұрдалиев ( 1905 - 1987 жж. Сталинград түбінде шайқасқа қатысқан . Пулеметші ) 
Беркінбаев Өтелбай (1915 – 1991 жж.  Кавказ тауларында  болған  ұрыстарға қатысқан. )
Турниязов Бертай (1920-2006 жж . Беларуссия жерінде диверсиялық қимылдар жасаған. )
Сапарбаев  Пернебай  (1922 -2006 жж. автоматшылар  ротасы сапында  Сталинград үшін шайқасқан.) Қайназаров Алдан (1914 – 1992 жж атқыштар дивизиясы  қатарында  Сталинград үшін  шайқасқан)
Тойшыбаев Қамыт (1920-1995 жж 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясының  75 полк, 1-ші батальоны сапында  Беларуссия майданында шайқасқан). 
     Бейбіт күннің қадірін білгізген мұндай сұрапылдан аман –есен оралған қадірлі аталарымыздың ерен еңбегі мәңгілік санадан  өшпек емес. Ұлы халықтың ұлағатты  ұрпағы  болу – біз секілді жастардың алға ұстаған айнымас бағыты болуы керек. Аталарымыздың  ерлігі мәңгі есімізде сақталады.
    Екінші дүние жүзілік Ұлы Отан соғысына Қазақстандық  1млн.870 мың отандас бауырларымыз қатысты. Олардың 500 –ге жуығы Кеңес Одағының батыры атағын алды. Сол батырлардың Отанды, елді, жерді қатыгез жаудан қорғап қалып, келешек ұрпаққа аманат етіп тастап кеткен аталарымыздың ерліктері мен есімдері ешқашан ұмытылмайды.  Оларды құрметтеп, есімдерін дәріптеп, өзімізден кейінгі ұрпаққа аманаттау  бүгінгі жас ұрпақтың , яғни біздің міндетіміз. Елі үшін от кешкен Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,  Талғат Бегелдинов,Қасым  Қайсенов, Қарсыбай Сыпатаев, Рақымжан Қошқарбаев, Әди Шәріпов, Бауыржан Момышұлы сынды көптеген апа-ағаларымыздың ұлы істерін насихаттап мадақтау –бізге ұлы парыз.
    Соғыс аяқталса да  жазылмаған жүрек жарасы мен  құрғамаған көз жасын ешкім өзгерте алған жоқ. Адамзат тағдыры- жер бетіндегі кейбір теріс пиғылдардың  ойыншығы  болмауы тиіс, оған қарсы  тұратын – халық жадындағы  сақталған  ауыр  күндер мен бабалар ерлігі. Болашақты  құрайтын  әрбір ұлттың  ұланы  бейбітшілікті  қорғай білуі шарт. Болашақтың еншісінде  бейбіт ел ғана емес, озық ойлы  дамыған , бірлігі  ұйыған алып  елдер ғана ғұмырлы  болмақ!!!
    Ұлы Жеңіс ! Осы бір  ғана сөзді қаншама адам аңсап күтті, қаншама  адамдар осы жолда мерт болды. Соғыс 1418 күн мен түн бойы жалғасты. Осы күндердің әр таңын еліміз «Жеңіс» деген сөзді сағынып атырды, аңсап атырды... Бүгін біз еркін, азат, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Мұның барлығы да біз үшін, ел үшін қан төккен батыр ерлеріміздің арқасы. Тәуелсіздігімізді  қадірлей білейік.  Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын. Біз Жеңіспен әрдайым мақтанамыз!
Шымкент қаласы №60 жалпы орта білім беретін мектебі
Абдусалы Сымбат Қайырғалиқызы
10 «А» сынып оқушысы
]]>

csh.60 Wed, 11 Nov 2020 16:03:06 +0600
Тарихымыз https://60.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/5-tarihymyz.html https://60.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/5-tarihymyz.html Жарты ғасырлық тарихы бар Шымкент қаласы, Жиделі мөлтек ауданында орналасқан №60жалпы орта мектеп 1925 жылы бастауыш мектеп болып құрылған.
1985 жылы мектеп Бөген аудандық атқару комитетінің шешімімен сегіз жылдық болып құрылды. Мектептің ашылу салтанаты рәсімі 1985 жылы 1қыркүйек күні өтті. 1989 жылы сегіз жылдық мектептің алғашқы түлектері болып 1975 жылы туылған 14 оқушы бітірді. 1992 жылы қосымша ғимарат соғылды.
Орта мектеп 2000-2001 оқу жылынан бастап халыққа қызмет етуде. 2003 жылы орта мектептің ең алғашқы түлектері 1985- 1986 жылы туылған 32 оқушы оқу жылын аяқтады. Мектеп құрылысының салынуы 1988 жылы басталып, 1992 жылы аяқталды.
2013 жылдың 28қазанынан бастап №60 жалпы орта мектебі жаңа үлгідегі , типтік жобада салынған 3 қабатты 600 оқушыға негізделген мектепке көшті.
Мектеп балалардың толыққанды білім алуы үшін заманауи техникалық құрал –жабдықтармен жабдықталған арнайы бөлмелер мен жаңа үлгідегі оқу бөлмелері бар.
180 орындық асхана, кең де жарық спорт залы мен 185 орындық мәжіліс залы және кітапхана бар. 24 оқу бөлмесі, 3 лингафонды, 2 информатика, 1 химия, 1 физика, 1 биология, 1 мультимедиялық кабинеттер бар.

]]>
Жарты ғасырлық тарихы бар Шымкент қаласы, Жиделі мөлтек ауданында орналасқан №60жалпы орта мектеп 1925 жылы бастауыш мектеп болып құрылған.
1985 жылы мектеп Бөген аудандық атқару комитетінің шешімімен сегіз жылдық болып құрылды. Мектептің ашылу салтанаты рәсімі 1985 жылы 1қыркүйек күні өтті. 1989 жылы сегіз жылдық мектептің алғашқы түлектері болып 1975 жылы туылған 14 оқушы бітірді. 1992 жылы қосымша ғимарат соғылды.
Орта мектеп 2000-2001 оқу жылынан бастап халыққа қызмет етуде. 2003 жылы орта мектептің ең алғашқы түлектері 1985- 1986 жылы туылған 32 оқушы оқу жылын аяқтады. Мектеп құрылысының салынуы 1988 жылы басталып, 1992 жылы аяқталды.
2013 жылдың 28қазанынан бастап №60 жалпы орта мектебі жаңа үлгідегі , типтік жобада салынған 3 қабатты 600 оқушыға негізделген мектепке көшті.
Мектеп балалардың толыққанды білім алуы үшін заманауи техникалық құрал –жабдықтармен жабдықталған арнайы бөлмелер мен жаңа үлгідегі оқу бөлмелері бар.
180 орындық асхана, кең де жарық спорт залы мен 185 орындық мәжіліс залы және кітапхана бар. 24 оқу бөлмесі, 3 лингафонды, 2 информатика, 1 химия, 1 физика, 1 биология, 1 мультимедиялық кабинеттер бар.

]]>
csh.60 Thu, 17 Oct 2019 15:55:04 +0600