Бүгін мектебіміздің кәсіптік бағдар беру педагогі Ж. Орынбасарова және аға тәлімгер Ж.Қасымбекованың ұйымдастыруымен «Студенттік өмір — ерекше әлем»
студенттермен кездесу кеші өтті.
Мақсаты:

Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 9-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;

бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;

мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру.