09
январь
2023
"Интернет кітапты алмастыра ала ма?" пікірсайыс

№60 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Оралбекова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Скакова Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай 8-10 сынып оқушыларымен "Еліктеушілік бізге қажет пе?", "Интернет кітапты алмастыра ала ма?" тақырыптарында мектепішілік пікірсайыс ұйымдастырды. Пікірсайыста Үкімет тобы: 9 сынып оқушылары Турсынбек Нурина, Муратбекова Айгул, оппозиция тобы: 10 сынып оқушылары Арын Байтерек пен Нұрмахан Айсана өз ойларын дәлелдеп шықты.
Мақсаты: Тәуелсіздік үшін құрбан болған тұлғаларымызды таныту, үлгі тұту, оқушылардың танымдық ой-қабілетін дамыту, шешендікке, өз ойын ашық, нақты жеткізуге тәрбиелеу.