09
январь
2023
"Жас Қыран", "Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы

№60 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аға тәлімгер Қасымбекова Жанар Ерболғанқызы өсіп келе жатқан жас ұрпақты еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Қазақстан Республикалық Бірыңғай "Жас Қыран", "Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы" қатарына 2 және 5 сынып оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізді.