09
январь
2023
" Жыл оқушысы—2022" байқауы
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің үздік оқушысын анықтау мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Айтубаева " Жыл оқушысы—2022" байқауын ұйымдастырды. 5-11 сынып оқушылары аралығында өткен байқаудан 31 үздік оқушы іріктеу кезеңінен өтті. "Тәуелсіз елімнің болашағымын!" тақырыбында эссе жазу және жалпы пәндерден тест тапсыру кезеңдерінен 10 оқушы озып шығып финалға жолдама алды. Финалда сынақтардан сүрінбей өткен жеңімпаздар анықталды.
ІІІ орынды 7"Б" сынып оқушысы Қаржау Айша және 5"Ә" сынып оқушысы Бауыржанұлы Абылай қанағат тұтса, ІІ орын 7"А" сынып оқушысы Әскербек Гүлімге бұйырды, І орынды 5"Б" сынып оқушысы Құдайбақ Ботакөз жеңіп алды, ал "Жыл оқушысы—2022" кубогын және бас жүлдесін 8"А" сынып оқушысы Алимова Жансая иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!