28
ноябрь
2022
(ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ) ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ
(ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ) ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 23.11.2022 жылдың №10-07--10/7327 хатына сәйкес 25 қараша күні Жиделі мөлтек ауданы тұрғындарын эвакуациялау және бытыраңқы орналастыру №60 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №37 эвакуациялық жинау пункттерінің жеке құрамы 33 адамнан тұратын құрама эвакуациялау пунктінде іс-жүзінде жайып көрсету жаттығу ұйымдастырылды.
ЭЖП жоспарға сәйкес құжаттары толтырылып, төтенше жағдайларға дайын болу мақсатында жаттығу өз деңгейінде өткізілді. Іс-шараға Шымкент төтенше жағдай департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары қатысып, оң бағасын берді.