«Қыз тағдыры - ел тағдыры» қыздар жиналысы » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз тағдыры - ел тағдыры» қыздар жиналысы
28
ноябрь
2022

«Қыз тағдыры - ел тағдыры» қыздар жиналысы




23.11.2022ж №60 жалпы орта білім беретін мектебінде қыздар ұйымының төрайымы, педагог-психолог  М.Досымбетованың  ұйымдастыруымен «Қыз тағдыры - ел тағдыры»  тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа №9 Шымкент қалалық емханасының гинекологы Н. С.Ауашева, психолог М.С.Тасова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Сариева, педагог-ұйымдастырушы А.Тұрсымбаева, педагог-психолог С.Рысбаева және  8-11 сынып қыз балалары қатысты.
 Мақсаты: жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің және ЖИТС-тің  алдын алу, жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.  Жиналыста гинеколог Н.Ауашева қыз балалардың физиологиялық жетілуі, «Ерте жүктілік деген не, несімен қауіпті?», «Қажетсіз жүктіліктен қалай сақтану керек?» т.б  слайд, бейнебаяндар көрсету, оны талдау арқылы түсіндірді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Емхана психологы М.Тасова "ЖИТС-тің алдын алу" туралы баяндама жасады, тренингтік жаттығулар жүргізді.  Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы, көңіл-күймен тарады. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив