Материалы за 05.02.2024 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 05.02.2024
"Көңілі көтеріңкі ата-ана мен ұстаздың еңбегі де жемісті"  тренинг
05
февраль
2024
"Көңілі көтеріңкі ата-ана мен ұстаздың еңбегі де жемісті" тренинг
 №60 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологтарының жұмыс жоспарына сай "Көңілі көтеріңкі ата-ана мен ұстаздың еңбегі де жемісті"  тақырыбында  тренинг ұйымдастырылды.  Тренинг барысында "Менің  мінезім"  әдістемесі,  "Мен-үйде"  және " Мен жұмыста", "Тиімді қарым-қатынас орнату" т.б жаттығулар орындалды.  Мақсаты:  Мұғалімдер мен ата-аналардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру,  шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,  өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу. 
"Көрсеткіш функцияның туындысы мен интегралы"  ашық  сабақ
05
февраль
2024
"Көрсеткіш функцияның туындысы мен интегралы" ашық сабақ
№60  жалпы орта білім беретін  мектебінде математика апталығы барысында математика пәнінің мұғалімі Тойлыбаева Назигүл Жақсыбайқызы  11"А" сынып оқушыларымен Алгебра және анализ бастамалары пәнінен "Көрсеткіш функцияның туындысы мен интегралы" тақырыбында ашық  сабақ өтті. Мақсаты:  Нақты көрсеткішті дәрежелі функцияның туындысы мен интегралын шешу әдісін қолданып,  есептер шығару барысында  функцияның туындысы  мен интегралын  табу ережелерінің формулаларын қолдана білу бейімділіктерін
Ашық сабақтар
05
февраль
2024
Ашық сабақтар
Математика апталығы барысында математика пәнінің мұғалімі Г.Аширбаева  5"Ә" сынып оқушыларымен "Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбында, информатика пәнінің мұғалімі Б.Дыйханбаев 6"Ә" сыныбымен  "Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері" тақырыбында ашық  сабақтар өтті.
"Көңілді информатика" атты интеллектуалды сайыс
05
февраль
2024
"Көңілді информатика" атты интеллектуалды сайыс
Бүгін математика апталығы барысында информатика пәнінің мұғалімдері Б.Дыйханбаев, Д.Битанова  9 сыныптар арасында "Көңілді информатика" атты интеллектуалды сайыс өтті.  Мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтап ортаға салуға үйрету, олардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы  білімін тереңдету, интеллектуалдық қабілетін дамыту.  Екі топтан құралған сайыста "IT" тобы жеңіске жетті. Құттықтаймыз!!! 
"Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығын арттыру" ата-аналар жиналысы
05
февраль
2024
"Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығын арттыру" ата-аналар жиналысы
"Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығын арттыру" тақырыбында 9"А" сынып ата-аналарына жиналыс болып өтті.   Күн тәртібінде:  1.І жарты жылдықтағы 9"А"сыныбының білім сапасы, I, II тоқсан бойынша үлгерім көрсеткіші.  2.Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, кибербуллинг, буллингтің, ерте жүктіліктің,  аутодиструктивті мінез—құлықтың алдын алу.  3.Бос уақытты тиімді өткізу, үйірмелерге қатысу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау (мектеп формасы, сабаққа